Президент Жолдауына Алматы облысынан жас ғалым қатысады

2025 жылғы 8 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жариялайды. Жыл сайынғы бұл дәстүр елдің даму бағытын айқындайтын маңызды құжат болып саналады.

Алматы облысы атынан шараға ауыл шаруашылығы саласының жас ғалымы, PhD докторы Алтынай Жақатаева қатысады. Ол – Қарасай ауданының тумасы, Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері.

Алтынай 30-дан астам ғылыми еңбектің авторы, зерттеулері халықаралық базаларға енген. Сондай-ақ «ТМД-ның үздік жас ғалымы» медалі мен облыс әкімінің «Заңғар – 2023» сыйлығының иегері.

Президент Жолдауына өңірдің осындай жас ғалымының қатысуы – Алматы облысы жастары үшін үлкен мәртебе.