Тәртіп пен заңдылық
Қонаев гарнизонының Әскери полиция бөлімінде әскери қызметшілер арасында құқық бұзушылықтың алдын алуға арналған іс-шара өтті. Бас қосуда заң талаптары мен әкімшілік жауапкершілік нормалары түсіндіріліп, әскери тәртіпті сақтаудың маңызы айтылды. Жыл басынан бері гарнизонда 41 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген. Оның 20-сы әскери қызметті өткеру тәртібіне, 19-ы көлік және жол қозғалысына қатысты.Сондай-ақ әскери полицияда 141 профилактикалық шара жүргізілген.
ӘЛИНАСЫР ҚАДЫРОВ
ҚОНАЕВ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ЖӨНІНДЕГІ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ СОТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
«Әскери бөліммен бірге осы жылы бірінші қадамымыз. Осындай іс-шаралар көп болсын деп ойлаймыз. Соттың тарапынан айтатын сол мына жеке құрамға осы бар проблемаларды жеткізу, заңды бұзбау және де ең бастысы сол меніңше. Егер заңды бұзбаса біз мақсатымызға жеттік деп ойлаймыз»