Цифрлық кітапхана

Ұлттық кітапханада «Жасанды интеллект дәуіріндегі кітапхана: цифрлық трансформация және жаңа мүмкіндіктер» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Заманауи технологияның тынысы мен кітапхана ісінің келешегін тоғыстырған басқосуға еліміздің 17 өңірінен бір жарым мыңнан астам маман қатысты. Екі күнге созылған жиында кітапхана саласын цифрландыру, жасанды интеллектіні тиімді қолдану және жаңа технологияны кәсіби ортаға енгізу мәселесі талқыланды. Қатысушыларға қазақ, орыс және ағылшын тілінде жұмыс істейтін LABA платформасының мүмкіндігі көрсетілді. Іс-шараға кітапхана мамандарымен қатар IT саласының сарапшылары, жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылары мен студенттері, баспа ісінің өкілдері, сондай-ақ академиялық және кәсіби қауымдастық мүшелері қатысты.

НҰРЛЫХАН ЖҰМАХАН
ҰЛТТЫҚ КІТАПХАНАНЫҢ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ
«Қазақстан кітапханаларының 85-90 пайызы автоматтандырылған. Электронды жүйелері бар. Өздерінің авторлық жүйелері бар. Бірақ дәл мұндай жасанды интеллектіні енгізу ол қарқынды емес. Шығыс Қазақстанда өздерінің жасанды интеллект жобасын жасаған. Тағы да бірнеше Қазақстан кітапханаларында жобалар жәймен жасалып жатыр.»

Сондай-ақ оқыңыз: