Үздіктер марапатталды

Дүниежүзілік туризм күніне орай Алматы облысында туризм саласының бірқатар өкілі марапатталды. Соңғы жылдары өңірде туристік қызметке сұраныс артып, салада оң өсім байқалады. Мәселен, соңғы төрт жылда  қызмет алған туристер саны 86 пайызға өсіп, 658 мың адамға жеткен. Ал көрсетілген қызметтердің жалпы көлемі 15 миллиард теңгеден асты. Өңірдің табиғи көрікті жерлері келушілердің қызығушылығын арттырып отыр. Биылғы тоғыз айда Алматы облысының ұлттық парктеріне 2 миллион 300 мың адам барған.

ҚУАНЫШБЕК МЕЙРАМБЕКҰЛЫ
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ТУРИЗМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
«20-ға жуық Алматы облысының еңбегі сіңген кісілерді құттықтадық. Оның ішінде біздің Ұлттық парктердің адамдары бар және де инвесторларымыз бар. Туризм саласына еңбегі зор кісілерді атап өттік. Өздеріңіз білетіндей Алматы облысы туризм саласынан алдыңғы қатарлардың бірі және де шетелдік туристер саны келуден үшінші орын аламыз Қазақстан бойынша және де қаражат түсуінен үлкен жетістіктерге жетіп отыр. Соның бәрінің арқасы осы біздің туризм саласында жұмыс істеп жатқан қызметкерлер»

Сондай-ақ оқыңыз: