Алматыда тұтынушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған әлеуметтік жоба өз мәресіне жетті

Алматыда тұтынушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған әлеуметтік жоба өз мәресіне жетті
Фото: AMANAT партиясының баспасөз қызметі

Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен және «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанатының ұйымдастыруымен 2025 жылдың сәуір-қазан айлары аралығында жүзеге асқан«Тұтынушылардың құқығын қорғау» жобасы табысты аяқталды.

Жоба аясында қала жастары мен тұрғындарының тұтынушылық мәдениетін қалыптастыру, заңдық білімін арттыру бағытында бірқатар кешенді іс-шаралар ұйымдастырылды.

12 жоғары оқу орнында 1000-ға жуық студенттің қатысуымен ақпараттық дәрістер өтті. Лектор-заңгерлер тұтынушылардың құқықтарын қорғау тетіктері мен заң нормаларын түсіндіріп, нақты мысалдар арқылы кеңес берді.

Сонымен қатар, 50-ден астам сауда орталықтары, базарлар және қоғамдық орындарда кең ауқымды түсіндіру акциялары ұйымдастырылып, 2000-ға жуық алматылық қамтылды. Азаматтарға сапалы қызмет пен әділ сауданы талап ету жолдары түсіндірілді.

Жоба шеңберінде арнайы жедел желіжұмыс істеп, тұтынушылардан келіп түскен 150-ге жуық сауалға заңгерлік кеңес берілді. Бұған қоса, арнайы әлеуметтік бейнеролик әзірленіп, ол халыққа қызмет көрсету орталықтарында және оқу орындарында көрсетілді.

«Тұтынушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру – әділ нарық пен сапалы қызметтің басты кепілі. Бұлбағыттағы жұмыс алдағы уақытта да жалғасын табады», – дейді жоба ұйымдастырушысы, «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанатының төрағасы Дидарбек Ділдәбек.

Ертең, 5-ші қараша күні жобаның қорытындысына арналған дөңгелек үстел өткізіліп, атқарылған жұмыстар мен ұсыныстар бойынша есептік ақпарат ұсынылмақ.