Алматыда әйелдердің қоғамдық-саяси белсенділігін арттыруға арналған кеңейтілген отырыс өтті

Алматыда әйелдердің қоғамдық-саяси белсенділігін арттыруға арналған кеңейтілген отырыс өтті
Фото: AMANAT партиясының баспасөз қызметі

Алматы қаласында «AMANAT» партиясының қалалық мәслихатындағы депутаттық фракциясы әйелдердің қоғамдық-саяси және әлеуметтік өмірге қатысуын арттыруға арналған кеңейтілген отырысын өткізді. Жиында әйелдердің бастамаларын қолдау, шешім қабылдау алаңдарындағы рөлін күшейту және кәсіби дамуына мүмкіндік беру мәселелері талқыланды.

Қатысушылар бүгінгі қоғамда әйелдердің жауапкершілігі жоғары, бастамашыл әрі әлеуметтік белсенді топ екеніне тоқталып, олардың қала мен ел дамуына қосатын үлесін арттыру қажеттігін айтты. Фракция мүшелерінің пікірінше, әйелдердің мүмкіндіктерін тиімді пайдалану Алматыдағы әлеуметтік процестердің нәтижелілігін күшейтеді.

Әйелдер қанатының төрайымы Алтынай Көбеева мемлекеттік басқару жүйесіндегі әйелдердің үлесіне қатысты жасалған талдауды таныстырып, бұл бағытты одан әрі дамыту қажет екенін атап өтті. Сондай-ақ ол «AMANAT» партиясы іске асырып жатқан бастамалар әйелдердің қоғамдық-саяси өмірге қатысуын кеңейтуге жол ашатынын атап өтті.

Кеңейтілген отырыста әйелдер мен отбасылардың құқықтарын қорғау, әлеуметтік бағдарланған жобаларды дамыту, сондай-ақ жаңа әйел көшбасшыларын қалыптастыруға қатысты ұсыныстар қаралды. Қатысушылардың айтуынша, мұндай ашық пікір алмасу әйелдердің қала өміріне белсенді қатысуын арттырып, олардың қоғамдағы орнын нығайтуға нақты мүмкіндік береді.

Жиын қорытындысында әйелдердің қоғамдық-саяси белсенділігін арттыру бағытындағы бастамаларды жалғастырудың маңыздылығы атап өтілді. Іс-шара Алматыда әйелдердің қоғам өміріне қатысуын қолдауға жаңа мүмкіндіктер айқындаған маңызды бас қосу ретінде бағаланды.