Алматы облысында 3 млрд теңгеге жуық есірткі өндірген нарколаборатория жойылды

Алматы облысында 3 млрд теңгеге жуық есірткі өндірген нарколаборатория жойылды

Алматы облысында өндірістік көлемдегі нарколаборатория жойылды. ҚР Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, заңсыз зертхана Талғар ауданындағы шаруа қожалығы аумағында орналасқан.

Оқиға орнынан 8 тоннадан астам прекурсор мен 100 келі мефедрон тәркіленді. Бұл — шамамен 200 мың бір реттік доза, жалпы құны 3 миллиард теңгеге жуық.

ҚР Қылмыстық кодексіне сәйкес, есірткі өндіру және тарату ауыр қылмыс саналады және өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына дейін қарастырылған.

Дереккөз: www.baigenews.kz