«Тұғырлы туым» патриоттық акциясы өтті
4 маусым – ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне орай Іле ауданындағы Ту тұғыры алаңында елдік рухты көтеретін салтанатты шара өтті.
Айтулы мерекеге Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев арнайы келіп, аудан тұрғындарын құттықтады.
Салтанатты жиын Мемлекеттік Гимннің шырқалуымен басталып, көк байрағымыз көкте желбіреді. Бұл – елдік нышандарға деген құрмет пен жас ұрпақ бойына отансүйгіштік сезімін сіңірудегі жарқын үлгі болды.
Мерекелік шара аудан өнерпаздарының патриоттық бағыттағы концерттік бағдарламасымен жалғасып, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Айта кетейік, Мемлекеттік рәміздер күніне арналған осындай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар Іле ауданының барлық округтерінде кең көлемде өткізілді.