Мұхтар Әуезовтің шығармашылығы мен әдеби мұрасына арналған тағылымы мол әдеби-танымдық кездесу өтті
Алматыда Мұхтар Әуезовтің шығармашылығы мен әдеби мұрасына арналған тағылымы мол әдеби-танымдық кездесу өтті. Әдебиеттанушы ғалымдар қаламгердің ұлт руханиятына қосқан өлшеусіз үлесі туралы мазмұнды ой-пікірлерін ортаға салды. Олар Әуезовтің туындылары, ұлы эпопеясы арқылы қазақ әдебиетін әлемдік деңгейге көтергенін айтып, ой мен қалам құдіретіне ерекше тоқталды.
Іс-шараны Әуезов атындағы кітапхана, «Әдебиет және өнер институты» , «Музей үйі» мен «Қонаев қоры» бірлесіп ұйымдатырды. Бас қосуда зиялы қауым өкілдері заңғар жазушының қайталанбас қаламгерлік және қайраткерлік қырларын кеңінен сөз етті.
БАУЫРЖАН ЖАҚЫП
ҚАЗАҚСТАН ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ
«Ұлы Мұқаңды біз әр күні еске аламыз. Әсіресе қалам ұстаған қауым. Оның өзі аздық етеді. Жалпы Мұқтардай ұлы тұлғаларға қазақ халқы қарыздар. Осы күнге жеткеніміз сол кісілердің қайраткерлік, жазушылық еңбегінің жемісі деп айтар едім. Тәуелсіз елде өмір сүріп отымыз. Ұлы Мұқаң өзі драматург, өзі қаламгер, өзі қайраткер болған. Өзі педагог өзі академик ғалым болған. Қаншама қыры бар..
КЕНЖЕХАН МАТЫЖАНОВ
М.О.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ӘДЕБИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
«Енді Мұқтар Әуезовті қазақтың рухани паспорты деуге болады. Бұл туралы Шыңғыс Айтматовтан асырып айтқан адам кемде кем. Шынында да қай кезде болсын біздің алдымызға бағдар етіп ұстайтын шам шырағымыз Мұқтар Әуезов»
Мұхтар Әуезов дегенде «Еңлік-Кебектен» бастап, «Қараш-қараш оқиғасы», «Қилы заман», «Көк серек», «Қорғансыздың күні» т.б сынды классикалық шығармалар жарыса айтылады. Ал қазақтың түгел қара сөзі мен қарапайым да қайсар болмысын түгендеген «Абай жолы» романының орны тіптен бөлек. Десе де жазушының кейбір эсселері мен мақалалары жастар арасында көп дәріптелмей келеді. Сондықтан қаламгердің бай мұрасын кеңінен нәсихаттаулыу керек дейді ұйымдастырушылар.
БАЛНҰР КӘДІРБЕКОВА
М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ КІТАПХАНАНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ
«Біріншіден біз Мұқтар Әуезов атындағы кітапханамыз. Сондықтан Әуезов мұрасын нәсихаттау біздің басты міндетіміз. Қарасақ қаншама көркем сөз арқылы Абай жолы романының өзі неге тұрады. Абайдың бейнесінің өзі жастарға қаншама үлгі. Өнеге. Жәнеде жазушының білмге деген құштарлығы ол өзінің ешқашан құндылығын жоғалтқан емес»
Әуезуов атындағы кітапхана ұжымы осындай тағлымы мол шығармашылық кездесулерді жыл бойы жалғастыра бермек.