Алматы облысында әмбебап жекпе-жектен чемпионат өтеді

Алматы облысында әмбебап жекпе-жектен чемпионат өтеді

2025 жылғы 17 мамырда Есік қаласында балалар, жасөспірімдер және жастар арасында әмбебап жекпе-жектен (Unifight) Алматы облысының чемпионаты өтеді.

Өтетін орны: Еңбекшіқазақ ауданы, №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, Есік қаласы, Набережная көшесі, 152

Жарыстың басталуы: 17 мамыр, сағат 9:00

Салтанатты ашылуы: 17 мамыр, сағат 13:00

Чемпионатқа облыстың әр ауданынан және Қонаев қаласынан 10-17 жас аралығындағы спортшылар қатысады. Қатысушылар жас ерекшелігі мен салмақ дәрежесіне қарай бірнеше топқа бөлінеді:

• 10-11 және 13-14 жастағылар – 6 салмақ дәрежесі бойынша

• 14-15 жастағылар – 9 салмақ дәрежесі бойынша

• 16-17 жастағылар – 7 салмақ дәрежесі бойынша

Жарыс әмбебап жекпе-жектің «классикалық» түрі бойынша өтеді.

Чемпионаттың мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, әмбебап жекпе-жекті дамыту, сондай-ақ үздік спортшыларды облыс құрамасына іріктеп, Қазақстан чемпионатына қатыстыру.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер финалдық кездесулерден кейін марапатталады. Оларға медальдар мен мақтау қағаздары табысталады.

Ұйымдастырушылар:

– Алматы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы

– Облыстық дене шынықтыру және спортты дамыту орталығы

– Алматы облыстық Unifight федерациясы

Байланыс телефондары:

+7 701 830 2344 (WhatsApp)

+7 708 277 6535 (Ялкунжан Садықов)