Қонаев қаласында Жеңістің 80 жылдығына арналған жүгіруден жарыс өтеді

2025 жылғы 17 мамырда «Адал азамат, адал жеңіс» республикалық акциясы аясында Қонаев қаласында жүгіруден бұқаралық жарыс өтеді. Іс-шара Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналады.
Қатысушыларды тіркеу: 17 мамыр, сағат 07:00 – 09:30
Жарыстың басталуы: сағат 10:00
Өтетін орны: Қонаев қаласының орталық алаңы
Жарысқа мемлекеттік қызметкерлер, білім және спорт мекемелерінің қызметкерлері, сондай-ақ қала тұрғындары мен қонақтары қатысады. Барлығы 500-ден астам адамның қатысуы жоспарланып отыр. 18 жастан асқан ерлер мен әйелдер 5 шақырым қашықтыққа жүгіріп өтеді. Бағыт қаланың көрнекті орындары мен жағалау жолдарын қамтиды.
Іс-шараның мақсаты – Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлерге құрмет көрсету, салауатты өмір салтын насихаттау, жүгіруді белсенді демалыс түрі ретінде дәріптеу.
Жарыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлерге медальдар, дипломдар және ақшалай сыйлықтар табысталады.
Ұйымдастырушылар:
– Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті
– Алматы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы
– Алматы облыстық дене шынықтыру мен спортты дамыту орталығы
Байланыс: +7 777 015 9901 (Ықылас Қадырқожаев)