Халық әртісі Нүкетай Мышбаеваның 90 жылдығына арналған мәдени кеш өтті
Нүкетай Мышбаева 1936 жылы Алматы облысы, Райымбек ауданында дүниеге келген. Балалық шағы сұрапыл соғыспен қатар келгеніне қарамастан бала Нүкетайдың арманы үлкен сахнада ән айту еді. Бойындағы дәл осы музыкалық дарыны оны сахнада даралай алды. Әсіресе театрдағы рөлдерінде әсем дауысымен көрерменнің жүрегін жаулады.
НҮКЕТАЙ МЫШБАЕВА
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚ ӘРТІСІ
«Рөлді ойнау керек. Жай әшейін сөзін айтып жүре салмайсың. Оны жетер жеріне жеткізу үшін басқа біреудің өмірін сахнаға шығарып отырсың ғой. «Қан мен тер» дегі рөлім Ақбаланы өте қатты жақсы көрем. Ана жер ананың спектакльін өте жақсы көрем. Себебі соғыс уақытында болған. Дүние менің 4 ағайымды бірдей соғысқа алып кеткен» .
1959 жылы талантты әртіс М.Әуезов атындағы академиялық драма театрының актерлік тобына қабылданады. Таңдай қақтырған талантымен талайды таңдандырды, ерекше дараланды. Өнерге өзін арнады. Содан бері 70 жылға жуық осы қара шаңырақта еңбек етіп келді. Халқының сүйіктісіне айналған өнер иесі осы уақыт аралығында шәкірт тәрбиелеп, көпке үлгі болды. Сүйікті актриса, жанашыр әріптес, ардақты ұстазға айналды.
ДАНАГҮЛ ТЕМІРСҰЛТАНОВА
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ
«Нүкетай апа менің театрдағы екінші анамдай. Ол кісінің ойнаған рөлдерін көремін. Өзінің қылығымен, өзінің ерекшелігімен, өзінің еркелігімен, сұлулығымен, даусы қандай керемет солай рөлдерін әдемілікпен алып шығады. Тіпті отрицательный рөлдің өзін сүйкімді алып шығады ғой»
ЛЕЙЛО БЕКНАЗАР
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ
Нүкетай апайдың барлық спектаклін көргенмін кішкентай кезімнен бастап. Нүкеш апай деген керемет жас кезінде өте сұлу, шашы ұзын, дауысы керемет . Мен ол кісінің жер анадағы Алиманын көрдім. Қан мен тердегі ақ баласын көрдім. Енді былай санаса апайдың 100 ге жуық рөлдері бар ғой деймін ойналған.
Мерей тойда талантты тұлғаға мемлекет басшысының құттықтауы жолданды. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әлия Бөпежанованың «Халық сүйген Нүкетай» атты кітабының тұсаукесері өтті. Туындыда актрисаның сахнадағы жолы мен өмірі жазылған. Өнер иесі «Беу қыздар-ай», «Қан мен тер», «Майра» сынды қойылымдарда бой көрсетіп, 100 ден астам рөлді сомдаған. Тіпті әлі күнге дейін сомдап келеді.
НАРГИЗ ТАМАБЕКҚЫЗЫ
М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ДРАМА ТЕАТРЫ МУЗЕЙІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ
«70 жылдан астам еңбек етіп келе жатыр. Осы уақыт ішінде керемет образдар жасаған. Мысалы «Жер ана», «Қан мен тер». Қазір көрермендер сахнадан сол образдарын көріп тамашалай алады. Бізде музей қорында тек суреттер емес, сонымен қатар өзінің сахналық киімдері, газет мақалалары бар»
Классикалық туындылар мен драмаларды көркем сомдап, образдардың табиғатын ерекше ашқан актриса таулы өңір - Нарынқол ауылының тумасы. Мерейтойда жерлестері халық әртісін құттықтап, ерекше сый-құрмет көрсетті.