Суретші Динара Усманның туындылары халықаралық көрмелерде жоғары бағаланып жүр

Қазақы ою-өрнек пен этно нақыштағы көркем туындылар әлем назарында. Динара Усманның картиналары қазір Нью-Йорк, Дубай және Лос-Анджелес қалаларындағы жеке коллекцияларда сақтаулы тұр.

Шетелдіктер арасында сызбасы сұранысқа ие қазақ қызының қазір 500 ден астам көркем картинасы бар. Сызбаларында әйел бейнесі ерекше суреттеледі. Әсіресе ұлттық киім мен әшекей таққан сұлу қыздар келбетін келістіре бейнелейді. Алматылық суретшінің этникалық элементтермен ерекшеленетін реалистік картиналары сұранысқа ие. Сол жұмыстардың бірі – «Бұршақ үстіндегі ханшайым». Бұл картинаны автор бірнеше күнде салып шыққан. Дәстүрлі ою-өрнектермен безендірілген портреттер туындыларға ұлттық реңк беріп ғана қоймай, өнеріме шабыт сыйлайды дейді. Сүйікті тақырыбы да осы. Ал арманы – өз картиналарын әлемдегі ең әйгілі музейлердің бірі Луврдан көру. 

ДИНАРА УСМАН, СУРЕТШІ:
«Негізі менің арманым – ерекше жаңа туындыларды салу. Қазақ өнері бүкіл әлемге танылса деймін. Біздің кең дала, терең тарих пен сан алуан өрнектің көркемдігі сызба өнерінде көрініс тапса керемет болар еді. Осындай ұлы даламыздың бай мұрасымен қазақ өнерін кеңінен насихаттауға болады.»

Сондай-ақ оқыңыз: