Алаш мұрасы жаңғыруда: Байтұрсынов мұражайында немересімен кездесу өтті

Қазақтың ұлы ағартушысы әрі Алаш қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының жиен немересі Айман Байсалова биыл 90 жасқа толды. Ахаң ұрпағының мерейтойы ұлт ұстазының мұражай үйінде  аталып өтті. Тектінің ұрпағын жаңа жасымен зиялы қауым өкілдері мен тіл саласының мамандары, студенттері құттықтай келген.

Ахаң әлдилеген Айман 90 жасқа келді. Көрісу мерекесімен тұспа-тұс келген мерейлі мерекеде дөңгелек үстел ұйымдастырылып, жылы естеліктер айтылды. Ұлы тұлғаның ізін жалғаған асылдың сынығы атасының музей үйін жаңғыртуда да аянып қалмаған. Әлі күнге дейін қара шаңырағына келіп, сағынышпен естеліктерін еске алады.

РАЙХАН ИМАХАНБЕТ 
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ МУЗЕЙ-ҮЙІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ
- Осы үйге келсем Айман апайымыз айтады демаламыз деп. Жаныма жақын сезім келеді дейді. Сондықтан жаныма өте ыстық дейді. Ал бұл үйді тауып беруге себеп болған Міржақып Дулатұлының қызы Гүлнар апамыз және Шолпан апамыз. Жалпы Алматы қаласында осындай Ахмет Байтұрсынов тұрған 3 үй болған. Соның сақталғаны тарихи жәдігер ретінде осы Байтұрсынов көшесіндегі 60 үй.

Айман Байсалова ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының артында қалған жалғыз тұяқ Шолпанның қызы. Оның балалық шағы сұрапыл соғыспен тұспа тұс келді.  Анасы сол кездегі сұрқия саясаттың құрбаны болып, қудаланады.  Ал Айман нағашы ағасының қолында тәрбиеленеді. Айман Байсалова нағашы атасы Ахмет пен әжесі Бадрисафамен біраз уақыт бірге тұрса да естеліктерін тек анасынан естіген. Ал ұлт ұстазының жиені екенін 1991 жылы бірақ білген. 

АСЫЛЫ ОСМАН
ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ
«Ахметтің өзінің жаратылысы бөлек жандарда ғана кездесетін жасандығы жоқ, ұлтына берілген нағыз алысты жақындатып, аразды татуластыратын жан. Ахметтің орны бөлек. Олай болатын болса сол Ахметтің бүгінгі ұрпағы дәл атасындай болмаса да атасының ізін жалғап келе жатуы үлкен бақыт.»

Іс-шара аясында «Алаштың данагөй аналары» фотокөрмесі ұсынылды. Онда А.Байтұрсынұлының қарындасы Зиләш пен жұбайы Бадрисафаның, қызы Шолпанның суреттері қойылды.

Сондай-ақ оқыңыз: