Кеген халық театрының «Сезім хаттары» атты драмалық қойылымы сахналанды
Кеген ауданында, Кеген халық театрының «Сезім хаттары» атты драмалық қойылымы сахналанды.
1968 жылы құрылып, талай халықаралық фестивальдердің лауреаты атанған өнер ұжымының бұл қойылымы өмірдің ащы шындығын көрсетеді. Бұл - тек өнер есебі емес, көрерменмен болған шынайы сырласу кеші. Ажырасудың бала тағдырына салған жарасы мен әкеге деген сағыныш залдағы көрерменді бей-жай қалдырмай, терең ойға батырды. Ана махаббаты мен достыққа адалдық - қойылымның рухани өзегіне айналды. Осы уақытқа дейін 55-ке жуық пьесаны сахналаған театр ұжымы бұл жолы да кәсіби шеберігін танытты. Кеш «Бақытты отбасы» символымен түйінделді. Кегендік өнерпаздардың бұл туындысы көрермен жүрегіне жол тауып, үлкен ой тастауды мақсат тұтады.
ДАСТАН ҚҰСАЙЫН
КЕГЕН ХАЛЫҚ ТЕАТРЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІСІ
«Біз бұл қойылым арқылы адамдардың бір-біріне айта алмай жүрген ішкі сырларын, ішкі сезімдерін жеткізуге тырыстық. Анаға деген,әкеге деген сағыныш, адамдардың бір-біріне деген мейірімділіктің жоғалуы. Дәл осы сұрақтарға осы “Сезім хаттары” атты спектаклімізбен жауап беруге тырыстық.