Қонаев қаласында «Денсаулық марафоны» өтті
Қонаев қаласында Дүниежүзілік денсаулық сақтау күні аясында «Денсаулық марафоны» өтті. Іс-шарада қала тұрғындары дәрігерлерік тексерістен өтті.
Мамандар тұрғындардың қан қысымын өлшеп, қандағы қант деңгейін анықтап, кәсіби кеңес те берді. Дәрігерлердің айтуынша, көп жағдайда адамдар денсаулығын кейінге ысырып, аурудың алғашқы белгілеріне мән бермейді. Ал ерте анықталған дерт - емнің нәтижелі болуының басты кепілі. Қатысушылар дұрыс тамақтану, саламатты өмір салты және пайдалы әдеттер туралы мәлімет алды. Дәрігерлер әсіресе эндокриндік жүйенің маңыздылығына тоқталды. Бұл жүйе ағзадағы барлық үрдістердің үйлесімді жұмыс істеуіне жауап береді. Сондықтан гормондық өзгерістер мен белгісіз әлсіздік, салмақтың күрт ауытқуы сияқты белгілерді елемеуге болмайды» дейді мамандар.
ЖАНДОС РАЙЫМБЕК
ҚОНАЕВ ҚАЛАЛЫҚ КӨПСАЛАЛЫ АУРУХАНАСЫНЫҢ ЭНДОКРИНОЛОГ ДӘРІГЕРІ
«Эндокриндік жүйеміз біздің бүкіл организмдегі ең күрделі біздің күрделі механизмдерді реттейді. Сол күрделі механизмдерді реттеген кезде, мысалы, ол біздің эндокриндік жүйеден, жаңағы, денеміздің саулығы, ұйқымыздың дұрыстығы, тәбетіміздің дұрыстығы және де біздің гормондарымыздың дұрыс жасауына өте маңызды рөл атқарады. Қазіргі таңда бізде қант диабеті және де қалқанша безінің бұзылыстары және гормондарымыздың бұзылыстары өте кездесуде және де соның алдын алсақ па деген оймен біз осындай марафонды жүргізіп жатқан жөніміз бар»