Абай атындағы ҚАЗҰПУде спортқа арналған халықаралық ғылыми практикалық конгресс өтті

Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінде дене мәдениеті мен спортқа арналған халықаралық ғылыми практикалық конгресс өтті.

Басқосуға Түркия, Жапония, Литва мен  Латвиядан  білікті мамандар келіп, өзара тәжірибе алмасты. Жиында педагогика, қауіпсіздік, инклюзивті білім беру, сондай-ақ спорттағы цифрландыру  мәселесі талқыланды. Ерекше балаларды спортқа баулудағы жасанды интелекіттің мүмкіндіктері қарастырылды. Конгерсті халықаралық дене шынықтыру және спорт ғылыми академиясы мен Алматы облыстық білім басқармасы  ұйымдастырды.  

ЕРДАЛ ЗОРБА 
ПРОФЕССОР 
«Қазақстан мен Түркия арасында бұл бағытта айтарлықтай айырмашылық жоқ. Қос елде де бұқаралық спорт өз деңгейінде дамып келеді. Қазіргі таңда елдегі барлық жас санатын қамтып, дене тәрбиесі мен салауатты өмір салтын нәсихаттауға басымдық беріп отырмыз. Бұл — қоғам денсаулығын нығайтудағы  жүйелі жұмыс» 

РАҚЫМЖАН ТӨЛЕУБАЙҰЛЫ
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БӨЛІМ ЖЕТЕКШІСІ
«Енді бұл ашық алаң ретінде. Енді бұл жерде Алматы облысының дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері әркім өз шебер сыныптарын көрсетіп жатыр. Үлкен тәжірибе алмасу алаңы болып жатыр. »

Сондай-ақ оқыңыз: