Борис Керімбаевты еске алуға арналған самбодан облыс біріншілігі өтті
Жамбыл ауданында ауған соғысының ардагері, әйгілі «Қара майор» атанған Борис Керімбаевты еске алуға арналған самбодан облыс біріншілігі өтті. 23 жасқа дейінгі жастар арасында ұйымдастырылған жарыста үздіктер анықталып, 32 жолдама сарапқа салынды.
Білек күші мен жүрек қайраты сынға түскен біріншілік жауынгерлік және спорттық самбо бойынша өтті. Боз кілемде ел намысын әлемдік ареналарда абыроймен қорғап жүрген тәжірибелі чемпиондар да бақ сынады. Әр белдесу тартысты өтіп, қатысушылар спорттық рух пен қайсарлықтың үлгісін көрсетті.
ҚЫРАН АЙТБЕК
ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ
«88 келлі салмақ дәрежесінде күресемін. Жылдан жылға ауқымды жарыстар өтіп жатыр облыста. Балалар өседі. Балалардың деңгейі өте жақсы. Тренерлер осы бағытта жұмыс жасап балалардың деңгейі өсіп жатыр.»
Ауған жерінде нағыз батырлық мінезімен дараланған , қолбасшыс Борис Керімбаев Жамбыл ауданығ Аққайнар ауылында туған. Оның азаматтық тұлғасы мен қаһарман ерлігі ел санасында өшпек емес. Бұл жарыс батыр есімін ұлықтап, оның өнегелі өмірін жас ұрпаққа үлгі ету мақсатында өткізілді дейді ардагерлер
СӘЛІМ ИБРАИМОВ
ЖАМБЫЛ АУДАНДЫҚ “АУҒАН СОҒЫСЫ” АРДАГЕРЛЕРІ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
«Даңқты полковник Борис ағамыздың ерлік жолдарын, даңқты дәстүрлерге шын берілгендерін. Антты орындауда өте адал болып, қарамағындағы сарбаздарына солардың ата-аналары алдындағы жауапкершіліктерінің жоғары болғандығын қоғамға көрсету, тәрбиелік мақсат ғой.»
Жарыс қортындысы бойынша жүлделі орынға ие болған жас балуандар мамыр айында Қостанайда өтетін ел біріншілігінде облыс намысын қорғайды.