Қарасай ауданында жасөспірімдер арасында футболдан облыс чемпионаты қызу өтіп жатыр

Қарасай ауданындағы «Үшқоңыр» спорт кешенінде жасөспірімдер арасында футболдан облыс чемпионаты қызу өтіп жатыр.

Жарысқа 8 команда қатысып, жасыл алаңда өзара мықтыны анықтауда. Жас футболшылар тартысты ойын өрнегін көрсетіп, шеберлік танытуда. Әрбір кездесу – нағыз бәсекеге толы. Ал жас дарындар өз мүмкіндіктерін барынша дәлелдеуге тырысады.Осы чемпионат барысында үздік өнер көрсеткен ойыншылар облыс құрамасына іріктеліп, алдағы жастар арасындағы республика чемпионатына жолдама алмақ.Тартысты дода қорытындысы 10 сәуір күні белгілі болады.

ӘЛИНҰР ЖҮНІС 
ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ
«Екі жыл қатарынан қатысып екеуінен де бірінші орын алдық. Ал биылғы облыс бізге қиынырақ болғалы тұр. Өйткені бүкіл командалар жақсы дайындықпен келіп отыр. Дегенмен өзімізде бәрінен мықты екенімізді дәлелдеуге тырысамыз.»

ЕРНАР НҰРЛАНОВ 
ЖАРЫСТЫҢ БАС ТӨРЕШІСІ
«Облыс құрамасының дайындық деңгейін айтсақ, 2010 жылғы жастар құрамасы өте мықты. Олардың қолында чемпиондық атағы да бар. Оларда ойнаған ойыншылардың кейбірі федерациядан шақырту алып, қазір кәсіби деңгейде өнер көрсетіп жүр. 2011 және 2014-2015 жасөспірімдер алдыңғылардың ізін басып жақсы ойын өрнегін көрсетіп жүр. Ал 2012-13 жылғы жасөспірімдерге көбірек дайындалу қажет»

Сондай-ақ оқыңыз: