Қарасай ауданында 300 ден астам дарынды оқушы спорт пен әдебиетте танылған тұлғалармен кездесті

Табысты азаматтардың өмір жолы жастарға үлгі болды. Қарасай ауданында 300 ден астам дарынды оқушы спорт пен әдебиетте танылған тұлғалармен кездесті. Ашық пікір алаңында жастар жаманнан жиреніп, жақсыдан үйренді.

Жетістікке жету жолындағы спортшы мен жазушы тәжірибесі. Қарасай ауданының оқушылары  ел мерейін асырып жүрген белгілі кәсіпқой бокс шебері Садриддин Ахмедовпен  кездесті. Әлем чемпионы болашақ спортшыларға рух пен жігер беріп, жетістікке жетудің жолын айтты. 

САДРИДДИН АХМЕДОВ
КӘСІПҚОЙ БОКСШЫ
«Бәрібірде бала көргенін жасайды деп айтады ғой. Бала көргенін жасайды . Көріп өскен жақсы. Өз алдына мақсат қояды осы адамға ұқсасам деген сияқты. Ең бастысы тәрбие, тәртіп керек, содан соң тоқтаусыз жұмыс керек. Жастарға айтып кеттім спортта ақыл сана тәрбие болмаса қоршаған ортаға зиян тигізетін ең бірінші адам боласың»

Чемпионмен жақынырақ танысқан жеткіншектер өз сұрақтарын жолдады.  Пікірін қызыға тыңдап, талқылады.

«Бокспен айналысқаныма 3 жылдан көп болды. Осы Қаскелеңдегі спорт школаға барамын. Садриддин Ахмедовпен кездесу арманым еді бүгін сол бір арманым орындалды.»
«ТВ да көріп жүрген Садриддин ағамызды өмірде көріп өте қуанышты болып отырмыз. Садриддин ағаны көріп мен де кәсіпқой боксшы болғым келеді.»
«Азия ойындарының қола жүлдегерімін. Садриддин ағамызды көп жарыстарда көреміз. Ол кісі жастарға көп қолдау көрсетеді. Мотивациясын білдіреді. Сол кісіге қарап біз де қолдау аламыз.»

Кездесуде Бекзат Саттархановтың есімі ерекше аталды. Жазушы Бейбіт Сарыбай  даңқты спортшының жасындай жарқырап өткен ғұмырын кітап етіп шығарған. 

БЕЙБІТ САРЫБАЙ
ЖАЗУШЫ
«Жастарды қалай тәрбиелейміз. Осындай үлкен шаралар арқылы. Әдебиет арқылы. Жақсы дүниелерді тыңдатып, көрсету арқылы тәрбиелейміз. Жазушы үшін оқырмандарымен кездесу бақыт. Менің жазған кітабым Бекзат Саттархановтың өмірі жайлы роман. Сондай халықтың сүйіктісін. Ұлтымен бірге жасайтын тұлғаны мен әдеби кейіпкер қылып, көркем образын жасадым» 

Жастар жетістікке жеткен жандардың өмір жолынан бөлек «Заң және тәртіп» қағидаттары жайлы бейне ролик көрді. Абайсызда ағат басқан жекіншектердің қателіктерінен сабақ алды.

Сондай-ақ оқыңыз: