«Байқоңыр – сан мен сана кеңістігінде» атты ерекше көрме ашылды

Әбілхан Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейінде «Байқоңыр – сан мен сана кеңістігінде» атты ерекше көрме ашылды. Дәстүрлі өнер мен шығармашылықтың, қиял мен арманның тоғысқан көрмеге  50-ге жуық туынды ұсынылған. Мұнда кескіндеме, түрлі техникада орындалған картиналар, фото және видео өнер секілді заманауи бағыттағы шығармалар топтастырылған. Шығармашылық жұмыстарды жасау барысында авторларға ешқандай шектеу қойылмаған.Талантты жастар цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект дәуіріндегі ғарыш көрінісін өзгеше қырынан елестетіп, өзіндік стильде бейнелеген. Студенттердің үздік жұмыстарын шетелдік қонақтар да тамашалады. Еліміздің танымал суретшілері де көрмеге өз туындыларымен қатысып, жас буынға шабыт беріп келеді.

БОЛАТ ТҰРҒЫНБАЙ
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ
«Жаңалығымыз студенттерге еркіндік беру. Сондықтан студенттер қызығушылық танытты. Екіншіден материал қолдану еркін. Ол жоғары шығармашылық деңгейдегі жұмыс болу керек. Кескіндеме, мүмкін, дизайн аралас техникалар бәрі бар»

ШЫҢҒЫС ЕРГӨБЕК
Т. ЖҮРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ПРОРЕКТОРЫ
«Біз соңғы жылдары мынау көркем сурет өнерінде не боп жатыр. Біз қайда бара жатырмыз.  Біз қай жерде тұрмыз, болашағымыз қандай болат. Жалпы адамзат болашақта өзін қалай сезінуі керек? Қандай тылсым күш өнерді алға итермелейді  деген сұрақтарға жауапты бүгін көрме беруге тырысады деп ойлаймын»

Сондай-ақ оқыңыз: