Жамбыл мұрасы ұрпаққа аманат

Жамбыл ауданында  Жамбыл Жабаевтың 180 жылдық мерейтойына   әдеби-сазды іс-шара ұйымдастырылып, ұлы тұлғаның өнері мен өнегесі  дәріптелді. Сондай-ақ ақын өмірінен сыр шертетін жеке жәдігерлері қойылған көрме көпшілік назарына ұсынылды.

Жамбыл жұртына бекзадалық өнер қанына дарығандай. Жас дарындар сахнада жыраудың өмір жолын көркемдеп, мұрасын тереңнен толғады. Ал, Айкүміспен және Шашубаймен болған айтыс көрінісі киелі сөз өнерінің айшықтады. 

Ал лицейдің  талапты оқушылары поэзия мен публицистиканы қатар игеріп, мектеп басылымында ойлы дүниелер жазу арқылы шығармашылық қарымын ұштап келеді

КҮМІСЖАН БАЙЖАН 
ҚР ҚҰРМЕТТІ ЖУРНАЛИСІ 

Әдеби-сазды кеш барысында жырау мұрасына арналған көрме көпшілікке ұсынылды. Онда Жамбыл Жабаевтың бала күнінде ұстаған домбырасы, өмір жолынан сыр шертетін кітаптары мен тарихи суреттері қойылып, көрерменді өткен дәуірдің рухымен қауыштырды.

САЛТАНАТ ЖАМБЫЛОВА 
ЖАМБЫЛ ЖАБАЕВ АТЫНДАҒЫ ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫ МУЗЕЙ ДИРЕКТОРЫ 

Оқушылар өз өнерлерін ортаға салып, көрерменге ерекше рухани кеш сыйлады. Сахнада Жамбыл Жабаевтың жырлары оқылып, елдік пен ерлікті дәріптеген отты өлең жолдары көпшіліктің жүрегін тербеді. Домбыраның қоңыр үні күмбірлеп, күй әуені залды әсем сазға бөлесе, әуелеген әндер кештің шырайын ашты. Жалпы Жамбыл Жабаевтың 180 жылдық мерейтойына орай аудандық және облыстық деңгейде бірқатар ауқымды мәдени-рухани іс-шаралар ұйымдастырылады. 

Сондай-ақ оқыңыз: