Оқушылар арасында «Ең үздік оқырман» байқауы өтті

Ахмет Жұбанов атындағы республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатында «Ең үздік оқырман» байқауы өтті. Оған 80-нен астам оқушы қатысты.

Іс-шара көрнекті қазақстандық композитор Ахмет Жұбановтың туғанына 120 жыл толуына орай ұйымдастырылды. Байқаудың мақсаты — балалардың ой-өрісін кеңейтіп,  рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру. Басты шарт - оқылған шығарманы талдап, өз пікірін білдіру керек. Финалға 18 оқушы өтті. Олар Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесіне талдау жасап, оны отандық балалар әдебиетінің ең танымал туындысы ретінде таныстырды.

МЕЙІРЖАН САЯТ
ОҚУШЫ
«Маған орын қатты аса маңызды емес. Маған маңыздысы осы кітаптан ой түйіп кішкене , маған жақсы әсерін беру»

ЖАНАР ЫСҚАҚОВА
А. ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ  МУЗЫКАЛЫҚ МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ 
«Балалар кітапты 2 ай бойы оқып шықты. Енді осы кітаптан алған , кітаптың мазмұны бойынша өздерінің ойларын тиянақты етіп жеткізу. Өздерінің ораторлық мүмкіндіктерін жеткізу. Бойына осы 21 ғасырдағы қажетті дағдыларды ,яғни сыни ойлау, ойды жинақтау деген сияқты бір дағдыларын көре аламыз осы кітапты оқу барысында» 

Сондай-ақ оқыңыз: