Қымбат Хангельдина «Құрмет» орденімен марапатталды
Qonaev Media телеарнасының директоры, белгілі тележурналист Қымбат Хангельдина еліміздің ақпарат саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін «Құрмет» орденімен марапатталды.
Мемлекет басшысының Жарлығымен берілген бұл марапат – кәсіби шеберлік пен қоғам алдындағы адал еңбектің айғағы. Қымбат Хангельдина – көп жылдық тәжірибесі бар, телеарна саласында өзіндік қолтаңбасы қалыптасқан білікті маман. Қазіргі таңда ол жетекшілік ететін жаңа телеарна – мазмұны бай, өзекті тақырыптарды көтеретін ақпараттық алаң болмақ.
«Құрмет» ордені – экономика, әлеуметтік сала, ғылым, мәдениет пен мемлекеттік қызметке сіңірген еңбегі үшін берілетін жоғары мемлекеттік награда. Бұл марапат қоғам өміріне серпін беріп жүрген азаматтарға көрсетілетін ерекше құрметтің белгісі.
Qonaev Media ұжымы Қымбат Хангельдинаны лайықты марапатымен шын жүректен құттықтап, шығармашылық табыс пен жаңа жетістіктер тілейді!