Алматы облысында мамыр айының басында стенд атудан рейтингтік әлем кубогы өтеді
Өңірімізде мамыр айының басында стенд атудан рейтингтік әлем кубогы өтеді.
Осы халықаралық жарыс қарсаңында Александр Асанов атындағы ату клубында Алматы облысы әкімінің орынбасары Ғани Майлыбаевтың төрағалығымен көшпелі кеңес болды. Дүбірлі додаға әлемнің 43 елінен 350-ге жуық спортшы қатысады. Осыған байланысты мемлекеттік органдар мен жеке ұйымдардың жұмысын үйлестіру маңызды. Сондай-ақ спорттық инфрақұрылымның дайындығы мен қонақтардың қауіпсіздігі басты назарда болады. Бұдан бөлек, логистика мен медициналық көмекті ұйымдастыру, жарысты ақпараттық тұрғыда кеңінен насихаттау жұмыстары да тыңғылықты жүргізілуі тиіс, – деді Ғани Майлыбаев. Бәсеке спортшылардың әлемдік рейтингтегі орындарын жақсартуға мүмкіндік береді.
ЕРБОЛ ҚҰЛЖАБАЕВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ СПОРТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ
«Бұл жиынның мақсаты - алда өтетін әлем кубогын жоғары деңгейде өткізу. Алматы облысының имиджын арттыру. Сонымен қатар бізде әлемдік дәрежеде өнер көрсетіп жүреген спортшыларымыз Әсем орынбай, Эдуарт Эщенко, соңғы Париз олимпиядасында қатысқан спортшылар. Олар азия ойындарының чемпиондары. Сол спортшыларға біздер осы жарыс арқылы үлкен мүмкіндіктер тудырамыз.»