Қарасай ауданында пара оқ атудан ел біріншілігі басталды

Қарасай ауданында пара оқ атудан ел біріншілігі басталды. Тартысты додада қатысушылар нысананы дәл көздеп, төзімді сынға салады. Әрбір атылған оқ спортшының шеберлігі мен дайындығын көрсететін маңызды сәтке айналады.

Жеңіске ниетті рухы мықты жандар дәл осы алаңда бар өнерін ортаға салды. Әр өңірден келген 150-ге жуық спортшының жігеріне қарасаң, көз тояды. Алматы облысы атынан шыққан төрт спортшының бірі - Оңғарбай Қожанов. Ол былтыр қол күрестен Қазақстан спартакиадасында үшінші орын алды. Ал оқ ату спорт түріне қатысып жүргеніне бір жыл болды. 

ОҢҒАРБАЙ ҚОЖАНОВ 
СПОРТШЫ 
«Өте сабырлы спорттүрі, жүрек соғысы барлығын бір арнаға тоғыстырып, сол жағынан сабырлықты талап етеді. СКЛ. Қарсыластарым өте мықты. Азия чемпиондары бар. Чемпион қарсыластырм көп. Құдай қаласа енді жүлделі орынға ниет бар.»

Спортшылар 10 м қашықтықта ұңғылы ұзын мылтықпен және тапаншамен оқты нысанаға атып,  ұпай жинайды. Жарыс жекелей, аралас және командалық есепте жүреді. 


АЙДОС ЖЫЛҚЫШИНОВ
ПАРАЛИМПИАДАЛЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІНЕН АҒА ЖАТТЫҚТЫРУШЫ
«50 минут беріледі. 60 оқ. Соның ішінде кім көп нәтиже көрсетеді, 8 адам финалға кіреді. Финалда нашар атқандар бір-бірден шыға бастайды. Соңында үш адам қалады. СКЛ. Әр спортшылһға бұл спорт түрі ұнайды. Өйткені жылдан жылға спортшы саны қосылып келе жатыр.» 

Пара оқ атудан ел чемпионатының нәтижесі 18 сәуір белгілі болады. Ары қарай жүлдегерлер әлем чемпиоантында бақ сынайды.

Сондай-ақ оқыңыз: