Жұмысшы жастар додасы
Қонаев қаласында жұмысшы жастар арасында шағын футболдан «Sport Time» облыстық турнирі мәресіне жетті. Дүбірлі додаға өңірдегі мекемелерде еңбек етіп жүрген жас мамандар қатысты. Тартысты өткен доданың нәтижесі бойынша Қонаев қаласының құрамасы жеңімпаз атанды. Екінші орынды «Алатау жарық компаниясы» еншілесе, үздік үштікті Еңбекшіқазақ ауданының командасы түйіндеді. Турнирдің жалпы жүлде қоры 600 000 теңге. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар жұмысшы жастардың белсенділігін арттырып, ұжымаралық байланысты нығайтуға септігін тигізеді.
ДІНМҰХАМЕД АХМЕТБАЙ
ЖАРЫАСҚА ҚАТЫСУШЫ
«Райымбек ауданының атынан жас жұмысшылар, барлық Алматы облысының жас жұмысшгыларын достық пен бірлікке шақырып, осындай жарыс ұйымдастырып, кішкене демалтып мүмкіндік беріп жатқан осы ұйымдастырушыларға алғыс білдіргім келеді»