Ұлттық кітапханада «Уақыт, музыка, мәдениет» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Алматыдағы Ұлттық кітапханада «Уақыт, музыка, мәдениет» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Іс-шара ХХ ғасырдағы Қазақстанның көрнекті екі композиторы – Ахмет Жұбанов пен Евгений Брусиловскийдің 120 жылдық мерейтойларына орай ұйымдастырылды. Жиында отандық және шетелдік ғалымдар қазақ музыка өнерінің дамуына елеулі үлес қос алыптың  шығармашылық мұрасын талқылады. Заманауи музыкалық білім беру, композиторлық мектептің дамуы  және дәстүрлі өнерді зерттеу мәселелері қаралды. Сонымен қатар жас зерттеушілердің баяндамалары тыңдалып, ғылыми пікір алмасу болды.


АЙЖАН БЕРДІБАЙ
ҚҰРМАНҒАЗЫ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ КОНСЕРВАТОРИЯСЫНЫҢ ДОЦЕНТІ 
«Кәсіби музыкамыздың іргетасын қалушылар. Бұл кісілер қазіргі уаықттағы біздің компаизторлық өнеріміздегі сондай жетістіктердің болғанын сол кісілердің үлкен әссері бар, үлкен еңбегі бар»

Сондай-ақ оқыңыз: