Есмұхан Обаев өмірден өтті
Бүгін 85 жасқа қараған шағында халық әртісі, белгілі режиссер, «Парасат» және «Барыс» ордендерінің иегері, профессор Есмұхан Обаев өмірден өтті. Марқұмның қазасына орай мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көңіл айту жеделхатын жолдады. Саналы ғұмырын өнерге арнап, ұлттық театрдың дамуына өлшеусіз үлес қосқан тұлғаның есімі қазақ мәдениетінің алтын қорында мәңгі сақталады.
Есмұхан Несіпбайұлы 1941 жылы Алматы облысы Кеген ауылында дүниеге келген. 1964 жылы Қазақ ұлттық консерваториясы, театр факультетінің режиссерлік бөлімін үздік тәмамдады. 1965–1967 жылдары Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры сахнасында қоюшы-режиссер ретінде еңбек етіп, «Жаяу Мұса», «Боран», «Көзілдірік» спектакльдері арқылы өзінің режиссерлік қолтаңбасын танытты. Кейін Мәскеуде білімін жетілдірді. Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры сахнасында нәтижелі еңбек етіп, «Шұға», «Мөлдір махаббат», «Ботагөз», «Ай тұтылған түн», «Махамбеттің жебесі» секілді маңызды туындыларды сахналады.
Обаев 1992–1995 жылдары Қазақ ұлттық өнер академиясы ректоры қызметін атқарып, оқу орнын тәуелсіздік талаптарына сай жаңғыртуға үлес қосты. Ал 1995–2001 жылдары Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінде басшылық қызметтер атқарып, ұлттық өнердің өркендеуіне елеулі үлес қосты. Ол Германия, Үндістан, Корея, Қытай, Ресей және Орталық Азия елдерінде өткен қазақ мәдениеті күндерінің көркемдік жетекшісі болды. Есмұхан Несіпбайұлы – тек режиссер ғана емес, тұтас бір дәуірдің рухани көшбасшысы, ұлағатты ұстаз еді.
БІРЖАН ХАСАНҒАЛИ
П.ЧАЙКОВСКИЙ АТЫНДАҒЫ АЛМАТЫ МУЗЫКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ ДИРЕКТОРЫ
«Ағамызды бала кезден білемін. Әкем екеі консерваторияда бірге оқыған. Заманджас, өсірде бірге келе жатқан адамдар. Және де өзіме келетін болсам. 2015 жылы Астана Опера театарныда мен жұмыс істеп, сол кеззе Абай операсын жаңа қойылымды жасаған кезде есмұхан ағамыз сол қазақ режиссері ретінде осы операны қайтадан қоюға үлкен үлесін қосқан. Сол кезде 3-4 ай бірге жұмыс істедік. Сондай бір ашық кісі болатын»
Өнер тадамы 2001–2013 жылдары Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры көркемдік жетекшісі қызметін атқарды. Саналы ғұмырында 100-ден астам спектакль сахналап, талай таланттың бағын ашып, жұлдызын жақты. Есмұхан Обаевтың адамгершілік болмысы мен азаматтық келбеті ел жадында мәңгі сақталады.