«Алатау» хорының жеңісі

П.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің «Алатау» хоры   Санкт-Петербургте өткен халықаралық байқаудан жеңіспен оралды. Олар сахна төрінде қазақтың әнін шырқап, шетелдік көреременді тәнті етті. Толығырақ әріптесім тарқатсын. 


АҚЖАН АНАПИЯ   ТІЛШІ 
«Өнер адамзаттың ортақ үні. Ал хор сол үннің бір мақсатқа жұмылған көрінісі. Мұнда әр дауыс өз орнымен айтылып, бір-бірін толықтырып, тұтас әуенге айналады. Жас таланттар үшін хор тек ән айту емес, тыңдай білу мен үйлесім мектебі. Дәл осы үйлесім арқылы қарапайым дыбыстар көркем шығармаға айналып, тарихта қалып жатады.» 

Бабы мен бағы қатар шапқан «Алатау» хоры қазақтың халық әні «Ақбақайды» орындап, көрермен көзайымына айналған. Ал әнді шырқаған Саят тіпті үздік солист атанды. Бес жасынан ән шырқайтын Саяттың дауысы шынымен ерекше. «Әлемдік аренада бақ сынап, арманым орындалды» - дейді ол.

САЯТ ӘЛИХАН 
СТУДЕНТ 
«Керемет болды жарыс, күшті әсер алдық. Себебі әртүрлі елден келген қатысушылар көп болды. Олар басқаша айтады. Сол жағы қызық болды. Қазақтың әні өте бай. Әр орындаушы өзін жақсымын деп айтпайды ғой. Менің ойымша менің әнім көңілден шықты деп ойлаймын.»


Хорда дирижердің шеберлігі аса маңызды. Мың дауысты басқарып, керек дауысты бір ырғаққа, бір тынысқа бағыттайтын шебер жетекшінің бірі – Зиада Накибаева. Шәкірттері әлемдік сахналарда ән шырқап жүр. 


ЗИАДА НАКИБАЕВА 
«АЛАТАУ» ХОРЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ 
«Бірінші турда біз үш шығарма орындадық. Біріншіден қазақ халық әні -ақбақай. Өңдеген хорға жүніс жұмабеков. Екінші ән павел чесноков классика духовная музыка дейміз оны. И үшінші шығарма островок. Балалрдың энергетикасы маңызды маған. Тек қана нота айтпай жанын беріп,  жүрегімен айту, осы маған өте маңызды. И соны балалар бәрін істейді.» 

Енді  жас таланттар Алматы музыкалық колледжінде өтетін республикалық байқауға дайындалып жатыр. 

Сондай-ақ оқыңыз: