Ханымжанның ұлағатты жолы

Талғар ауданында саналы ғұмырын білім мен мәдениетке арнаған ардақты жанның мерейтойы аталып өтті. Ауданның Құрметті азаматы, ұлағатты ұстаз «Құрмет» орденінің иегері Ханымжан Сұлтанқұлова 80 жасқа толды. Мерейтойға орай мәдениет үйінде салтанатты кеш ұйымдастырылды.


Залға жиналған қауымның ыстық ықыласы мен жүрекжарды лебіздер кештің шырайын кіргізді. Ханымжан Шотбайқызының  мерейтойында  Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев пен Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің арнайы құттықтау хаттары оқылды.  Еңбек жолын қарапайым мұғалім болып бастаған ұслағатты ұстаз  кейін аудан әкімінің орынбасары қызметтерін абыроймен атқарды. Бұл лауазымдардың әрқайсысы – зор жауапкершілік пен тынымсыз еңбектің айғағы. Әсіресе, ел тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында тәулікпен санаспай қызмет етуге тура келгенін Ханымжан апай ерекше еске алады.


ХАНЫМЖАН СҰЛТАНҚҰЛОВА
ТАЛҒАР АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ 
“Қиын кезде ауданда жұмыс істеп, қиналған, айлап жалақы алмаған , зейнеткерлер зейнетақы алмаған адамдардың жағдайын жасап, солардың көңілін көтеріп қиын кезде жұмыс істедік. “Құдайға тәуба қазір зейнеттемін. Зейнетте де қарап отырған жоқпын. Балаларды өсіріп, жеткізіп солардың жақсылығын көріп”

Ханымжан Шотбайқызының  ұйымдастырушылық қабілеті мен іскерлігі дер кезінде бағаланып,  Алматы облысының мәдениет басқармасын басқарды. Сол кезеңде мәдениет үйлері жаңғыртылып, шығармашылық ұжымдар мен музейлерге қолдау көрсетілді.

ҚУАТ БАЙҚОЖАЕВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
“Сол кезде халықтық театрларға , ұлттыө өнеріміз күй, терме, айтыс мәселелелірне өте ерекше көңіл бөліп, мәдени мұраларға ерекеш көңіл бөлгени азаматшының бір. Сондықтан бүгінгі таңда Ханым Шотбайқызының еңбегін бағалай отырып, аудан жұртшылығы, облыс жұртшылығы бұл кісіні құрметтеу өте орынды” 

Мерейтой иесі белсенді өмір салтынан айныған емес. Өткен жылы ол «Құрмет» орденімен марапатталды. Сексен жасқа толса да, сергектігі мен өмірге құштарлығы өзгелерге үлгі. Ханымжан апай отбасына қамқор болып, немерелерін тәрбиелеп, өңірдің қоғамдық өміріне белсене араласып келеді.

Сондай-ақ оқыңыз: