Өнер тарланымен қоштасу
Қазақстанның халық әртісі, белгілі режиссер, Есмұхан Обаевты Алматы жұрты ақтық сапарға шығарып салды. Өмірін өнерге арнаған ардақты тұлғамен қоштасу рәсімі Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында өтті.
Ел жақсысы Есмұқан Обаевты ақтық сапарға шығарып салуға келген кісі қарасы қалың болды. Қаралы жиында ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың да көңіл айту жедел хатын үкімет басшысының орынбасары, ҚР мәдениет және ақпарат минстрі Аида Балаева жеткізді.
АИДА БАЛАЕВА
ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ, МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРІ
«Есмұқан Несіпбайұлы саналы ғұмырын киелі сахынаға аранаған театр тарланы өнегелі өнер иесі еді. Ұлт руханиятын ұлықтап отандық драматургияның дамуына зор үлес қосты. Жауапты лауазымдарды абыроймен атқарып, мәдениет көкжиетін кеңейтуге бар күш жігерін жұмсады. Соңынан рухани мол мұра қалдырған тұлға. Иманы слаамат жаны жаннатта болсын!»
Саналы ғұмырын сахына өнеріне арнаған саңлақ 1941 жылы Кеген ауданы Қарқара ауылында дүниеге келген. Аспан таудың аясында туып, киелі өнер көшіне өзгеше үнімен қосылды. Кәсіби тұрғыдан жалпы 100-ден астам спектакль сахналап, отандық драматургияның дамуына зор үлес қосты.
НҰРҒАНАТ ЖАҚЫПБАЕВ
ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ, РЕЖИССЕР
«Қазақ өнеріне ұшан теңіз үлес қосқан адам. Менің ағайым ұстазым болды. Отты режиссер, эмоцияға көп берілетін режиссер. Бұл жұмысты өте тез істейтін. Және жаңашыл режиссер болды. Бұрын қойылып кеткен спектакльдердің өзін жаңғыртып шығаратын. Сонымен қатар халықтық драматургияны өте жақсы көқретін»
НҰРЛАН ОРАЗАЛИН
МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ
«Театрдан ел қашып бара жатқан кезде келді. Сол кезде көрерменді қайтадан жинап алу бұл үлкен міндет болатын. Соны Әуезов театрында әрі директор әрі көркемдік жетекші бола жүріп өз міндетін атқарды. Бұл үлкен ұлы міндет еді. Сондықтан бүгін өнерді жасады. Өрісін кеңейтті. Өнерге есепсіз қызмет етті»
Өмірі өнегеге айналған өр тұлғаны туған елі мен өскелең ұрпақ мәңгі жадында сақтайды. Саналы ғұмырын ұлт өнерінің өркендеуіне арнаған айтулы тұлғаны әріптестерімен ел жұрты Кеңсай зиратына апарып жерледі.