Дәстүр мен тәрбие

Алматыдағы «Зерек бала» балабақшасында Наурыз мерекесі ерекше сән-салтанатпен аталып өтті. Көктемнің шуақты мерекесінде бүлдіршіндер ұлттық киім киіп, ән айтып, салт-дәстүрлерді дәріптеді. {(Видео} Мерекелік іс-шараға Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева келіп, балапандарға «Балдәурен» мен «Наурыз думан» әндерін орындап, қонақтарға да мерекелік көңіл күй сыйлады. Ұлық мерекені атап өтудегі басты мақсат – салт-дәстүр, наурыз құндылықтарын осы бастан дәріптеу. Бұл – бала тәрибесіндегі басты қағида, дейді бақша әкімшілігі. Сонымен қатар, мерекелік көріністер ұйымдастырылып, қазақ батырларының бейнесі көрсетілді. Қыран бүркіт пен құмай тазы таныстырылды. Киіз үй тігіліп, қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі мен мәдениеті  насихатталды. 


МАРАЛ ТАСАЕВА
«ZЕREK BALA» БАЛАБАҚШАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛТАЙШЫСЫ 
Кішкентай балаларымыздың бойына біз барлық салт-дәстүрімізді, ұлттық құныдылықтарымызды кішкентайына бойына сіңіру барысында бізде наурыз мерекесі өте ауқымды өтеді. Біздің балаларымыз өнер көресетеді: билейді, ән айтады. Қазақы салт-дәстүрлерімізді, сонымен қатар қазақтың ұлттық тағамдарының барлығынан дәм татады.

Сондай-ақ оқыңыз: