«Сәлем, саған туған ел!» атты концерт мәдениет майталмандары мен зиялы қауымның басын қосты

Қонаев қаласында қазақ музыкасының жарық жұлдызы, біртуар композитор Кеңес Дүйсекеевтің 80 жылдығына арналған салтанатты кеш өтті. «Сәлем, саған туған ел!» атты концерт мәдениет майталмандары мен зиялы қауымның басын қосты. 


Кеңес Дүйсекеевтің есімі аталғанда, құлағымызға бірден мұңды да назды, терең лирикаға толы әуендер келеді. Ол -200-ден астам әннің авторы. Туындылары театр мен кино әлемінің де ажырамас бөлігіне айналды. 

БЕЙБІТ ОРАЛҰЛЫ 
ҚАЗАҚСТАН КОМПОЗИТОРЛАР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ
«Кеңес аға -бұл ғасырда бір туатын тұлға. Нағыз өнер адамы, біртуар композитор. Оның шығармалары тек эстрадада ғана емес, академиялық музыкада да маңызды орын алады. Мен ол кісінің жанында 30 жылдай жүрдім, көп нәрсені үйрендім, ақыл-кеңестерін тыңдадым»

Сахна төрінде композитордың ең таңдаулы шығармалары қалықтап, белгілі өнер иелерінің орындауында қайта жаңғырды. Әр әнді көрермен қауым зор ықыласпен тыңдады.

СҮЛЕЙМЕН ИБРАГИМОВ 
Р. БАҒЛАНОВА АТЫНДАҒЫ «ҚАЗАҚКОНЦЕРТ» ӘРТІСІ
«Кеңес аға менің шығармашылық тағдырымда үлкен рөл атқарды. Бір ғана «Қарағым-ай» әні менің өнерде өз орнымды табуыма жол ашты. Ол өте мейірімді адам болатын, жас әртістерді әрдайым қолдап, бағыт-бағдар беріп отыратын»

Дүйсекеевтің мұрасы -уақыт өткен сайын құндылығы арта түсетін асыл қазына болып қала бермек.

Сондай-ақ оқыңыз: