Оқушылар қаламгермен жүздесті

Қарасай ауданында жазушы, әдебиет сыншысы, филология ғылымдарының докторы Бекен Ыбырайыммен тағылымды кездесу өтті. Қаламгердің детектив жанрындағы «Іздер құпиясы» атты шығармасы  талданды. Аудан мектептері бірлесіп, мазмұнды байқау ұйымдастырды. Байқау бағдарламасы оқушылардың шығармашылық қабілетін шыңдайды. Жастар роман желісі негізінде сахналық қойылым ұсынып, кейіпкерлер әлемін көрерменге әсерлі жеткізе білді. Байқауға белсенді қатысқан оқушылар марапатталып, мектеп кітапханаларына «Іздер құпиясы» кітабы табысталды. Қаламгермен жүздесу  «Балалар кітапханасы» жобасы аясында жүзеге асырылды. 


ГҮЛБАНУ БЕРДІБЕКОВА
А.СЕМЕНОВИЧ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕПТІҢ ДИРЕКТОРЫ 
«Іздер құпиясы романы бұл нағыз детектив. Бұл балаларға арналған шығарма. Және бұл кітап ұлттық Айбос сыйлығын алған шығарма және бұл кітап балалардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, сондай шытырман оқиғалар арқылы күрделі дүниелерді және кейіпкер Саянның түрлі шытырман оқиғаларды бастан кешуі арқылы яғни түбінде әділдік жеңетініне сенімін ұялататын осындай керемет туынды.»

Сондай-ақ оқыңыз: