Пауэрлифтингтен ел чемпионаты

Қонаев қаласында пауэрлифтингтен жастар мен жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтіп жатыр. Биылғы додаға еліміздің барлық өңірінен 500-ге жуық спортшы қатысып, күш сынасуда. Чемпионат классикалық және экипировкалы пауэрлифтинг түрлері бойынша ұйымдастырылған. Спортшылар  спорт шебері атағын алу үшін де қайрат танытады. Әсіресе, Алматы облысының тәжірибелі спортшылары Илья Маслов пен Вячеслав Цойдан жанкүйерлер жоғары нәтиже күтеді. «Қатысушылардың деңгейі өте жоғары. Ұлттық рекордтард жаңаруы  мүмкін», – дейді бапкерлер. Күштік үшсайыстың қорытындысы 23 сәуірде  шығарылады. Осы біріншілікте үздік атанған спортшылар ұлттық құрама сапына еніп, Қытайда өтетін Азия чемпионатына және күзде Польшада болатын  әлем чемпионатына қатысады. 

АБДУЛКӘРІМ ҚАРАМАН
ЖАТТЫҚТЫРУШЫ
«Бұл жарыс екі жарысқа бөлінеді, классикалық түрі және эпикировкалық түріне бөлінеді. Ұлдар және қыздар арасында Қазақстанның пауэерлифтингтен чемпионаты өтіп жатыр. Осы іріктеуден өтіп, Қазақстан, Азия жарысына және әлем жарысына өтіп, сборный құрамасы құралады»


РУСЛАН КИМ
ҚР СПОРТ ШЕБЕРІНЕ ҮМІТКЕР
«Бұл мен үшін маусымдағы ең басты жарыс. Ұзақ дайындалдым, бар мүмкіндігімді көрсетуге ниеттімін. Мұндай чемпионаттар спорт шебері атағын алуға үлкен мүмкіндік береді. Өткен жылы жасөспірімдер арасында Әлем кубогын иеленсем, биыл ересектер арасында Қазақстан кубогының абсолютті чемпионы атандым. Ендігі мақсат - осы деңгейді сақтап, жаңа белестерді бағындыру»

Сондай-ақ оқыңыз: