Түлектер жарысы

Жамбыл ауданында жасыл алаң түлектердің басын қосты. Самсы ауылында өткен дәстүрлі шағын футбол турниріне 20 команда қатысып, әр жылдардың түлектері өзара мықтыны анықтады. Телтай Сарсенбеков атындағы мектептің 1982 жылдан 2023 жылға дейінгі түлектері арасындағы ойындар тартысты өтті. Бұл турнир — жай ғана спорттық дода емес, жылдар бойы үзілмеген достық пен сағынышқа толы естеліктер алаңы. Дәстүрге айналған жарыс  ауыл жастарын спортқа баулып, тұрғындардың бірлігін нығайтатын  маңызды мерекеге айналып отыр.


АЙДАР БАЙҒАБЫЛОВ
ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ 
«Ауыл азаматтарының бірлігін нығайту мақсатында жасалып жатқан іс-шара. Әр жылы ауылдағы мейрамдарға байланысты осылай бас қосып, бірлесіп осылай іс-шара өткізіп отырамыз. Бүгінгі іс-шарамыз»

Сондай-ақ оқыңыз: