«Жүрегімде екенсің» драмасы
Алматыда Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры көрермен назарына жаңа қойылым ұсынды. «Жүрегімде екенсің» атты метафизикалық драмасы бала мен ата-ана арасындағы нәзік сезім мен қоғам алдындағы жауапкершілікті бейнелейді. Өзіндік ерекше жанрымен көрерменді бірден баурап алған премьераның тұсаукесеріне біздің тілшілер де қатысты.
Балалар үйінен Парижге сатылған қазақ қызы Шерлин 12 жылдан кейін тамырын іздеп, отанына оралады. Бейтаныс пәтерде басталған жұмбақ оқиға Шерлинді өткеніне жетелейді. Қызықтың бәрі осында басталады. Ал актриса Гүлшат Тұтова бұл жолы әдеттен бөлек мейірімді жан емес, қатігез адам, балалар үйінің директоры Жаңыл рөлін сомдайды.
ГҮЛШАТ ТҰТОВА
АКТРИСА
«Ол шынымен осындай жаны жоқ, жүрегі жоқ образ шықты ма, шықпады ма. Оны өзі көрермен өзі бағасын бере жатыр. Иә бұл жаңа тәжірибе. Қанша жасқа келсең де жаңа рөл беріп жатса, жаңа дүние жасауға тырысамыз. Оның үстіне өзіміз де сағынысып қалған екенбіз. Екі жылдан бері жаңа рөл жасамадық»
Ал басты рөл Захира Рахымжанға бұйырды. Ал метафизикалық жанрдың тереңдігін сездірген бұл туындыда әке мен қыз арасындағы өкініш пен сүйіспеншілікке толы әсерлі сәт бейнеленеді.
ЖАНДАРБЕК САДЫРБАЕВ
АКТЕР
«Ұлдар менде,қыз жоқ менде.Содан кейін репитиция кезінде қиын болды. Білесіздер ғой бізде 90 жылдан бері бәрі егемендік алғаннан кейін қаншама адамдар қателеспесем 25 мыңнана астам бала сатылып кеткен. Сол сатылғаннаың біреуі. Әрине қиын. Бұл енді бүкіл қазақ халқының бүкіл бір трагедиясы ғой былай қарасаң, бір әулет, бір мемлекет кеткендей болады болашақта егер есептегенде 100 жылдықта. Әрине қиын баланың алдында өзінің парызын орындай алмаған. Күліп, шәй тамақ бере алмаған, сол сияқты өкініш өмірінде қалған.»
Шерлиннің балалар үйіндегі жанашыр досы Марғұлан рөлінде - Әділет Базарбайұлы. «Сценарий жазу барысында актерлік құрамды жіті таңдадық» - дейді қойылым режиссері.
ҚУАНЫШ МАМЫТҚАЛИЕВ
ҚОЮШЫ-РЕЖИССЕР
«Махаббат деген кезде адам бірден екі жастың махаббатын алып қараймыз ғой дұрыс па. Ал енді елге деген махаббат, өзінің діңгегіне деген, тамырына деген, дәстүріне болсын, этникалық өзінің қалыптасуына махаббат күштілігін сол арқылы екі жастың бір біріне сүйіспеншіліг бар. Достық сезімі бар. Ата анаға деген сағыныш. Оның бәрі махаббат қой.»
Метафизика – кейіпкердің жан азабын қиял, түс, қажет болса дерт арқылы жеткізу. Сахнадағы актер ғана емес, көрерменді уақыт шырғалаңына түсіретін бұл жанрдың қызығы көп.