Бірлік марафоны

Қонаев қаласында өткен «Бірлік марафонына» 500-ге жуық адам қатысты. Соңғы уақытта Қапшағай жағалауында салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған осындай іс-шаралар жиі ұйымдастырылады.  Жарыс қорытындысы бойынша, мәре сызығын Райымбек ауданынан келген Қайсар Ілияс бірінші болып кесті. Сондай-ақ, жарысқа қатысқан 12 жастағы Ерасыл Бақыт та ерекше көзге түсті. Жас спортшы екі жылдан бері жеңіл атлетикамен тұрақты айналысады. Жарыс нәтижесінде  жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталды.  


ҚАЙСАР ІЛИЯС
ЖАРЫС ЖЕҢІМПАЗЫ
«Легкий атлетикамен айналысқаныма 3 жылдай болды. қазақстан чемпионаттарында алдыңғы орындарды жүргем. күнінен 10-15 км кросстар, работалар, жалпы профессионалды түрде осы спортпен айналысамын.

СҮЛЕЙМЕН НҰРТІЛЕУОВ 
ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ 
«Онын алдында да жүгіріп көрдім. жақсы жүгіріп келдім. соңғы жақтарында қиын болды, аяқ ауырып тырысып қалды.

Сондай-ақ оқыңыз: