Күн қайдан шығады?
«Қазақфильм» киностудиясы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысымен «Күн қайдан шығады?» қысқаметражды фильмінің түсірілімін бастады. Жаңа жоба жас режиссерді қолдау мақсатында жүзеге асырылуда.
Фильм 10 жасар Әлияның бастан кешкен тағдыры жайлы. Ол ауруханаға түскенд өзі шамалас көңілді ашық Эрикамен танысады. Туынды балалықтың бал-дәурен шағын, достық пен сүйіспеншілік сезімін көрсетеді.
АЙАРУ ӘДІЛҚАЗЫ
АКТРИСА
«Басты рөлдердің бірін ойнаймын. Есімі Эрика. Бұл фильмде маған өте ауыр бір мәселеде ота жасайды. Соған қарамастан әрқашан күлімдеп жүретін сондай бір көңілді қыздың рөлін ойнаймын.»
Фиьмнің сценарий авторы мен режиссері Айша Сәлімгереева. Бұл жас маманның алғашқы режиссерлік дебюті. Жалпы жобаның мақсаты - жас таланттарға мүмкіндік беру.
АЙША СӘЛІМГЕРЕЕВА
РЕЖИССЕР
«Біз кейіпкерлердің ішкі күйін барынша жеткізуге тырыстық. Әрбір кадр өз алдына мағына беріп, көрерменге қызықты әсер қалдырады деген үміттеміз.
АЙДАР ОМАРОВ
«ҚАЗАҚФИЛЬМ» КИНОСТУДИЯСЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ
«Бұл әлемдік тәжірибе болғандықтан қысқаметражды фильмдерді арнайы қолдауды жөн көрдік. Біз жас режиссерлерге алғашқы қысқаметражды фильмдерін түсіруге мүмкіндік беріп, фестивальге жібереміз»
Жоба сәтті жүзеге асқан жағдайда, Қазақстан киносын халықаралық деңгейде таныту мақсатында оны әлемдік фестивальдерге ұсыну жоспарланып отыр.