Жамбыл мұрасы дәріптелді
Шамалған ауылы, Қарасай батыр атындағы орта мектепте жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған ғылыми-танымдық конференция өтті. Шараға елімізден және шетелден келген профессорлар қатысып, ақынның өмірі мен шығармашылық мұрасына арналған мазмұнды баяндама жасады. Айрықша назарды Жамбыл атындағы әдеби-мемориалдық музейден арнайы әкелінген сирек жәдігерлер қойылған көрме аударды. Жиын мақсаты- Жамбыл Жабаевтың шығармалары арқылы жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік пен рухани-мәдени құндылық сіңіру. Мектепте ұлы жырауға арналған арнайы кабинет ашылған.
АДИЛЯ ҚОРЖЫНБАЕВА
МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ
«Сол кабинетте оқушылар ауысса да, тек жамыбл жабаевтың шығармларны оқып қана емес, музейлеріне барып, экспонаттармен таныспы, ол экспонаттрдың аудан оқушыларыа тартамыз. Ол оқушылар әртүрлі жарыстарға қатыспы, жүлделі орындар алып жүр »