Рухани мұра

Райымбек ауданының 90 жылдығына орай Сарыбастау ауылында «Туған өлкенің рухани тұлғалары» атты мәдени-көпшілік іс-шара ұйымдастырылды. Жергілікті ақын-жазушылардың өмір жолы мен шығармашылық еңбектері туралы мазмұнды мәліметтер беріліп,  туындылары оқылды. 

Шара барысында арнайы көрме ұйымдастырылып, ауданнан шыққан танымал азаматтардың өмірі мен еңбектерінен сыр шертетін құнды жәдігерлер көпшілік назарына ұсынылды. Келушілер қаламгердің жеке қолданған заттарымен және шығармашылық мұрасымен танысуға мүмкіндік алды.

ӘДІЛБЕК ҚАБА
ЖАЗУШЫ 
 “Ең алдымен туып өскен өлкеміздің 90-жылдығымен құттықтаймын қалың қауымды. Бүгін мінекей туған өлкенің рухани тұлғалары жайлы керемет шара өтіп жатыр. Енді бұл жерге құры қол келгеніміз жоқ, өзімнің 3 кітабымды ала келдім. Сол кітаптардың тұсау кесері өтпекші”

Мерекелік жиын аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласып, көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлады. Ән мен күйден шашу шашқан өнерпаздар кештің көркін қыздырды.

АУҒАН ШОРМАНҰЛЫ
АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ
  “Ал құрметті мынау аудан және ауыл тұрғындары бүгін мына Сарбастау ауылында керемет тұлғаларымызды таныстыратын керемет шара өтті. Ол шараға біз өте ризамыз, қандай керемет шара. Тұлғаларды мына кейінгі ұрпаққа дәріптеп, мақтап, мадақтап, тәрбиелесек ұрпақтарымыз жаман болмайды деген ойдамын.”

Іс-шара аясында Әділбек Қабаның «Қабір қазған», «Сіз бақытты болыңыз», «Мыңнан бір мезет» атты үш бірдей кітабының тұсауы кесілді. Бұл – қаламгер еңбегіне көрсетілген зор құрметтің айғағы.

Сондай-ақ оқыңыз: