Бірлік фестивалі

Қонаев қаласында ел бірлігін ұлықтаған «Бірлік» фестивалі» өтті. Салтанатты күн аясында этномәдени бірлестіктер қазақ халқының және өзге де ұлттардың сан ғасырлық салт-дәстүрін  насихаттап, қолөнер туындылары мен ұлттық тағамдарын көпшілік назарына ұсынды. 


Шахар тұрғындары мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері бір шаңырақ астында бас қосты. Бүгінде Алматы облысы түрлі этнос өкілдері тату-тәтті ғұмыр кешіп отырған берекелі өңір. 

МАРАТ СҰЛТАНҒАЗИЕВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
« Өңірімізде белсенді жұмыс атқарып жатқан 34 этномәдени бірлестік облыстың әлеуметтік-экономикалық және рухани-мәдени дамуына елеулі үлес қосып келеді. Осы орайда, этномәдени орталықтардың, ақсақалдар мен аналар кеңестерінің мүшелеріне ел бірлігі мен қоғамдық келісімді нығайту жолында атқарып келе жатқан еңбектеріңіз үшін шынайы алғыс білдіремін.»

Салтанатты жиын аясында ел игілігі жолында еселі еңбек етіп, өңірдің өркендеуіне сүбелі үлес қосқан бір топ азаматқа айрықша құрмет көрсетілді. Әлеуметтің дамуына серпін берген 15 тұлға мемлекеттік наградаларға ие болды.

АРКЕНЖАН ЖҰМАЕВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ҰЙҒЫР ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
"Қазақстан халықтарының бірлігі, достығы үшін үлкен бір маңызы бар мейрамды күн.  Мұндай мейрамдар көбірек болса, жастарымыз да осындай мейрамның маңызы неде деген сұрақтың жауабын осы жерде көреді деп есептеймін"

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ КҮРД ЭТНОМӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
АУДАРМА: ««Бұл - бірлік, достық пен бауырластықтың мерекесі. Осы күннің мәні бізге: әртүрлі болсақ та, бәріміз тең екенімізді айқын көрсетеді. Түрлі ұлт өкілдері бір шаңырақ астында бейбітшілік пен келісімде, өзара сыйластықта өмір сүріп келеді. Баршамызға ортақ құндылық осы»

Мейрамды думандыжырға бөленді. Халық эстрада жұлдыздарының қатысуымен  мерекелік концертті тамашалады.

Сондай-ақ оқыңыз: