Спорттық нысан ашылды
Қарасай ауданындағы олимпиадалық даярлау орталығы базасында спорттық құзға өрмелеуге арналған жаңа нысан қолданысқа берілді. Ашылу салтанатына Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев пен халықаралық спорт ұйымдарының басшылары қатысты. Толығырақ тілшіміз тарқатсын.
Бұл жартасқа өрмелеу нысаны олимпиадалық талаптарға сай салынды. Соңғы жылдары спорттық құзға өрмелеуге қызығатындар саны артып, кәсіби деңгейде айналысатын спортшылар 5000 ға жеткен. Олардың басым бөлігі ұлттық құрамда үздік нәтиже көрсетіп жүр.
НҰРСҰЛТАН ШОҚАНОВ
АЛЬПИНИЗМ ЖӘНЕ СПОРТТЫҚ ҚҰЗҒА ӨРМЕЛЕУ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ
«Қазақстан алдағы уақытта халықаралық деңгейдегі додалар өтетін орталыққа айналады деп үміттенеміз. Еліміздің ерлер құрама командасы әлемдік рейтингте 5-орында тұр. Дегенмен, әлі де жетістікті жақсару қажет»
НҰРЖАН БАТЫРБЕКОВ
ОЛИМПИАДАЛЫҚ ДАЯРЛАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ АҒА ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ
«Бұл жерде спорттық құзға өрмелеуден жастар құрамасы, негізгі құрама дейміз ғой солар жаттығады. Стандартқа сай биіктігі 15 метр. Жылдамдыққа өрмелеу екі трассадан тұрады. Бұл жерде әлемдік стандартқа сәйкес сақтандыру да сол. Старт беру жүйесі де сол.»
Үздіктер қатарында Алматы облысының спортшылары да бой көрсетіп жүр. Солардың бірі жасөспірімдер арасындағы Азия Чемпионатының қола жүлдегері - Глеб Семьёшкин.
ГЛЕБ СЕМЬЁШКИН
СПОРТТЫҚ ҚҰЗҒА ӨРМЕЛЕУДЕН ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМАНЫҢ МҮШЕСІ
«Бұған дейін бізде мемлекеттік құзға өрмелеу қабырғасы болмаған. Енді ашылып жатыр. Біз өте қуаныштымыз. Алдағы уақытта Италияда әлем чемпионаты өтеді. Сол жарысқа дайындалып жатырмыз»
Бұл спорт түрі спорты олимпиада бағдарламасына 2020 жылы ғана қосылды. Ел құрамасы Париж олимпиядасында ерекше көзге түсіп, Әмір Маймұратов жақсы нәтиже көрсетті. Мамандардың айтуынша жыл сайын ел біріншілігіне қатысушылар саны артып келеді.