Әлем Кубогы
Алматы облысындағы Александр Асанов атындағы ату клубында стендтік атудан Әлем кубогы басталды. Ашылу рәсіміне аймақ басшысы Марат Сұлтанғазиев пен еліміздің спорт министрі Ербол Мырзабосынов қатысты. Жарысқа әлемнің 42 елінен 550-ден астам спортшы қатысып, “трап” және “скит” сыны бойынша жүлделерді сарапқа салады.Тоғыз күнге созылатын додада рейтингтік ұпайлар да сарапқа салынады. Қазақстан құрамасы сапында Азия чемпионаттарының бірнеше дүркін жүлдегері Асем Орынбай және спорт шебері Лейла Шантекова бар. Соңғы жылдары Қазақстанда стендтік ату қарқынды дамып келеді. Әлем және Азия кубоктарының кезеңдерін өткізу, инфрақұрылымды жаңғырту және спортшыларды жүйелі даярлау елдің халықаралық деңгейдегі беделін арттырды" дейді ұйымдастырушылар.
АҚЖҮРЕК ТАҢАТАРОВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
“Азия чемпионы Әсем Орынбай қызымыз. Қазір енді әлем кубогында қазір осы жарыстан кейін, жарыс нәтижесінен кейін көре жатармыз”