Еуропадан табылған Алаш мұрасы

Қонаевта чех саяхатшысы, ғалым Индржих Дворжактың «Қазақтар арасында» атты кітабының тұсаукесері өтті. 1921 жылы Прагада алғаш рет жарық көрген бұл еңбек ХХ ғасыр басындағы қазақ қоғамының өмірі мен тарихын баяндайтын бірегей дереккөз. Қоғамдық дипломатия қоры жарыққа шығарған бұл еңбек бұған дейін қазақ тілінде жарияланбаған. Кітапта сол кезеңдегі қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі, салт-дәстүрі мен тілі жайлы этнографиялық мәліметтер топтастырылған. Автор Алаш қозғалысының көшбасшыларымен, соның ішінде Әлихан Бөкейханмен болған кездесуін ерекше толғаныспен баяндайды. 


ИГОРЬ ОТЧЕНАШ
ЖАЗУШЫ
Бұл кітап қазақстандықтар үшін этнографиялық тұрғыдан өте қызықты. Өйткені, автор сол замандағы Қазақстанды, халықтың тұрмыс-тіршілігін өз көзімен көріп, қағазға түсірген. Бұл – шетелдіктердің көзімен қарағандағы өткен өміріміздің айқын көрінісі.

СҰЛТАН КАМАЛДИНОВ 
ЗЕРТТЕУШІ, АУДАРМАШЫ 
«Чехиядағы зерттеу жұмыстары кезінде табылған бұл еңбек бүгінгі шарамыздың басты жаңалығы. Чехословакиялық легионердің «Қазақтар арасында» деп аталатын кітабы «Алаш Орда» мен халықаралық қарым-қатынастар тарихындағы жаңа парағын ашад»

Сондай-ақ оқыңыз: