Қазақ күресінен республикалық турнир

Талғар ауданындағы  Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Әлем біріншілігінің жүлдегері  Еркін Сайдақовтың құрметіне арналған қазақ күресінен республика біріншілігі өтті. Жасөспірімдер арасындағы жарысқа 200-ден астам жас балуан қатысып, өзара мықтылар анықталды.


Азия және әлем чемпионаттарының жүлдегері, еліміздің «Еңбек сіңірген жаттықтырушысы» Еркін Сайдақов атындағы дәстүрлі дода осымен алтыншы рет өткізіліп отыр. Бұл жарыс жастардың шеберлігін шыңдайтын әрі  бапкерлер өзара тәжірибе алмасатын маңызды турнирге айналды.  


ЕРКІН САЙДАҚОВ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДӘРЕЖЕДЕГІ СПОРТ ШЕБЕРІ
«Республикалық календарьда тұрған жарыс. Сондықтан осы жарыста бірінші, екінші, үшінші орын алған жастарға ҚР спорт шеберіне үміткер деген атақ беріледі. Осы мамыр айының ортасынан кейін Қазақстан чемпионаты басталады 2011–2012 жылғы спортшылар арасында. Мынау сол чемпионат алдындағы балалардың спорттық тәжірибесін шынықтырып, қатысу үшін осы жарыс алдын ала өтіп жатыр».

Боз кілдемдегі белдесулер 7 салмақ дәрежесінде өтті.  Еліміздің түкпір-түкпірінен іріктеліп келген кілең мықты балуандар жеңіске жетуге барын салды. Спорт шеберлігіне үміткер болу үлкен абырой. Сондықтан әр белдесуде қарсыластан қаймықпақ, қайрат таныту керек» дейді жарысқа қатысушылар. 

ЕРЛІК ЖАЛБАҒАЙ
ЖАТТЫҚТЫРУШЫ 
«Баларды өсіру үшін ең бірінші жаттығу керек болса, екінші осындай жарыстар керек. 6 жыл бұрын осында күрескен балалар әлем чемпионатында жүлдегер болып, әлем чемпионы болып жатыр»

СҰҢҒАТ ДОСЫМ
ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ
«Ақтөбе облысынан келіп тұрмын. Бұған дейін Қонаев атындағы республикалық турнирге қатысып, солардан жүлдегер атанғанмын. Осы салаға 6 жыл қатысып, КМС атағын алдым. Республикалық турнирге Қазақстанның түкпір-түкпірінен келгеннен кейін деңгейі өте жоғары»

Белдесу қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте Алматы қаласының спортшылары бірінші орын алды. Павлодар облысы екінші тұғырға көтерілді.  Ал үздік үштікті Алматы облысының палуандары түйіндеді.

Сондай-ақ оқыңыз: