Аламан бәйге
Кеген ауданында тарихи тұлға, айтулы би әрі жырау Қашаған би Әуелұлы рухына бағышталып ас беріліп, дәстүрлі ат бәйгесі өтті. Игі шара халқымыздың рухани-мәдени құндылықтарын жаңғырту және ұлттық спорт түрлерін дамыту мақсатында ұйымдастырылды. Дала төсін дүбірлеткен аламан туралы келесі материалда.
19-20 ғасырларда өмір сүрген Жетісудың әйгілі жеті биінің бірі Қашаған би Әуелұлы рухын асқақтатқан ас Ұзынбұлақ ауылында өтті. Қара қылды қақа жарып, әділ төрелік айтып ел ел бірлігін ұстаған айтулы тұлғаның өнегелі өмір жолы жастарға нәсихатталды. Артынша атшабар маңына 2 мыңға жуық ел жиналып, ұлттық спорттың мерейін асырды.
АБЫЛАЙ ҚАШАҒАНОВ
АУДАН ТҰРҒЫНЫ
«Бүгінгі іс шарамыздан жастарымыз үлгі өнеге алып өссін. Атамыздың әруағына арналған ас бәйгеміз беркелі болсын. Тұлпарлар тұяғынан талмай жеңіс мықтыға бұйырсын»
Бұл жолғы аста алманға ат шауып, тай жарысты. Жалпы додада бауырынан жараған 60 тан аса қылқұйрық тізгін босатып, дала төсін дүбірге бөледі. Тұлпарлар шабысына делебесі қосып, тай жарысқа тақым қысқан Кеген жұрты көктем шуағымен бірге бір жадырап қалды.
АЙДАР ҚАШАҒАНОВ
ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ
«Атамызға ас беріп осындай ұлттық спорт түрлерін ұйымдастырып жатырмыз. Көкпар бәйге дегендей. Бұл жерде басты мақсатымыз жастарды спортқа дәріптеу. Жәнеде ұлттық рухты көтеріп бірлікте болу үшін ұйымдастырып отырымз»
НҰРЖАН ҚОРАЛАСОВ
ҰЗЫНБҰЛАҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ
«Жалпы осындай шаралар қос ауданның ат спортының тіпті облыстың ат спортының дамуына үлес қосады. Соған бәріміз атсалысамыз»
Бабы мен бағы қатар шауып аламанда аты озғандар бағалы сыйлықтармен марапатталды. Шара соңында абыз би ұрпақтары ас беріп, баба рухына құран бағыштады.