Тәңіртау таланттары

Асқақ Алатаудың етегі мен мұзарт Хантәңірінің баурайы осы күндері өнер мен ізгілік тоғысқан киелі мекенге айналды. Кеген ауданында мектеп оқушылары арасында өткен «Тәңіртау таланттары» аймақтық байқауы өз мәресіне жетті. Дүбірлі додаға облыстың бес ауданынан 45-ке жуық жас өнерпаз жиналып, бақ сынасты. Бұл шара Жетісу өнерінің қос саңлағы — Ғалымжан Досанұлы мен Ерлан Стамғазиевтің жарқын бейнесін ұлықтап, соңынан ерген өрендерге даңғыл жол ашуды мұрат тұтады.  Өнер мерекесі тек сахнамен шектелмей, мәні терең игі іске ұласты. Байқаудың қазылар алқасы мен ұйымдастырушылар Кеген топырағында жас көшеттер егіп, «Таланттар аллеясының» іргетасын қалады. Бұл қадам — табиғатты аялау мен өнердегі сабақтастықтың символдық көрінісі болды. Сайыс қорытындысында оқ бойы озық шыққандар марапатталды. 

Сондай-ақ оқыңыз: