Анаға құрмет
«Анашым, мен сізді жақсы көремін!» Алматыда осындай атаумен ерекше қайырымдылық кеш өтті. Дүниежүзілік аналар күніне орай ұйымдастырылған концертте қазақстандық танымал өнерпаздар өнер көрсетіп, аналар қауымын мерекемен құттықтады. Әрбір жанға қамқорлық пен шынайы махаббаттың маңызын көрсеткен жиын жайлы толығырақ тілшіміз тарқатсын.
Мамырдың екінші жексенбісінде әлемнің 20 дан астам елі аналар күнін атап өтеді. 2024 жылдан бастап аяулы жандардың айтулы мерекесін Қазақстандықтар да тойлай бастады. Жылдағы дәстүрді биыл ерекше бастамалармен жалғасып, Алматыда эстрада жұлдыздары мен кішкентай өнерпаздар аналарды құттықтады.
АЛАН ЧЕРКАСОВ
ӘНШІ
«Бұл концерт дәстүрге айналады деп үміттенеміз. Бүгін тамаша бастама жасалмақ. Көптеген әртістердің аналары залда отыр. Әр өнерпаз шынайы музыкалық арнауын жасап, барлық әйел қауымына махаббатын білдіреді».
Ізгілік пен қайрымдылыққа жобасы көрерменге әдеттегідей музыкалық шоу ұсынып ғана қоймай, әлеуметтік маңызы бар бастаманы назардан тыс қалдырмады. Концерттен түскен табыс толықтай "Ана үйі" қорына тапсырылды.
МАРЖАН РҮСТЕМОВА
ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
«Ана — сен жетістігің мен қуанышыңды бірінші болып бөлісетін адам. Ана әрдайым тыңдауға, қолдауға және мейірімін төгуге дайын тұратын жан».
СӘУЛЕ ЖҰМЕКЕНОВА
ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
«Қазіргі қарбалас өмірде көп нәрсе ұмыт қалып жатады. Қызым келіп: “Анашым, Аналар күніне саған сыйлық жасағым келеді”, — дегенде қатты қуандым. Бұл өте әсерлі».
Кеш өнерпаздары мен қонақтары аналарына, әлемдегі ең ардақты жандарға ерекше әсер сыйлады, қолдау көрсетті. Мерекені әуезді әнмен, көңілді бимен әрледі.